Қазақстанның 7 облысында қатты аяз болып, күн суытатыны ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 7 облысында күн суытуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайты.

Қазақстанның 7 облысында қатты аяз болып, күн суытатыны ескертілді

«Астанада 19 ақпанда ауаның темпертаурасы 27-29 градусқа дейін төмендейді. 18-19 ақпан күндері Ақмола, Қостанай, сондай-ақ Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде ауаның температурасы 25-30 градусқа, кей жерлерде 33 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, 19-20 ақпан күндері түнде Қарағанды облысында 28-33 градус, Шығыс Қазақстан облысында 28-33 градус, кей жерлерінде 38 градус аяз болады», - делінген хабарламада.