Қазақстанның 8 бірдей облысында жалған ақша жасау оқиғалары тіркелді - Қаржы полициясы
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Өткен жылдан бері қаржы полициясы органдары республика бойынша жалған ақша жасаудың 44 фактісін анықтады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Оның хабарлауынша, бұндай қылмыстар Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында анықталған. Ал Таразда қолға түскен қылмыскерлерден 20 млн. теңгеден астам жалған ақша тәркіленді. «Қазақстан Ресупбликасының бүкіл аумағында жалған ақшаны сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері 4 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне сотталды», - дейді М.Жұманбай.