Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы жақсарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 15 сәуір күні Қазақстан қалаларында ауа сапасына ықпал етуі мүмкін жайсыз метеожағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы жақсарады

Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Өскемен, Ақсай, Орал, Шымкенттегі метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ал, Ақтөбе, Алматы, Астана,Қарағанды, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Талдықорған қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.