16:05, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстанның 8 облысында жел күшейеді - 13 қазанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Сенбі күні, 13 қазанда Қазақстанның басым аумағында антициклонның ықпалы сақталады, күн ашық әрі жылы болады деп күтілуде, тек ҚР-ның батысында ғана атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр, кейде нөсерлі жауын жауып, тұман түсіп, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
Республиканың оңтүстік өңірлерінде, оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс және орталығының кей аймақтарында өрт болу қаупі сақталады.
Алдағы 3 тәулікте Сырдария өзенінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.