Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне арналған конференция басталды

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жаһандану жағдайында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін экономикалық дамытудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне арналған конференция  басталды

Шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан елінен келген 200-ге тарта ғалымдар, оқытушылар мен магистранттар, студенттер қатысуда. Конференция барысында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің көптеген экономикалық мәселелері жайында сөз болып, ДСҰ-ға кіру мен Кеден одағы жағдайында ауыл шаруашылығы саласын дамыту проблемалары талқыланбақ. Еліміздің азық-түлік қаупсіздігі секілді маңызды мәселелер жайында пікір алмасу да көзделеді.

Конференция екі негізгі секция бойынша жұмысын жандандыратын болады. Оның бірі экономиканың орнықты дамуының кілті ретіндегі Қазақстанның инновациялық жаңғыру тақырыбын қамтиды. Екінші секция орнықты өсімді қамтамасыз етудегі қаржылық-несиелік проблемаларға арналып отыр. Шара аясында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалып, талқыланатыны көзделген.