Қазақстанның ағымдағы жылдың 6 айы ішіндегі ЖІӨ өсімі 3,9 пайызды құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ағымдағы жылдың 6 айы ішіндегі ЖІӨ өсімі 3,9 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Ағымдағы жылы әлемдік экономиканың дамуы біркелкі болмады, Қазақстан экономикасы осы жағдайда дамыды. Бір жағынан, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Еуроодақ экономикасының 1,4 пайызға өсуі аясында дамыған елдерде экономикалық белсенділік байқалды»,- деді ол.
Министрдің айтуынша, екінші жағынан, Украинада жалғасып жатқан дағдарыс пен бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Ресей экономикасындағы өсімнің 1 пайызға дейін баяулауы қазақстандық өнімдерге деген сұранысқа теріс ықпалын тигізуде. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауарларды Ресейге экспорттау 21,7 және Украинаға экспорттау 31,1 пайызға төмендеді.
«Бұл аяда Қазақстанның ағымдағы жылдың 6 айы ішіндегі ЖІӨ өсім 3,9 пайызды құрады», - деді Е.Досаев.