Қазақстанның акциялар нарығы қыркүйекте жанданды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - «Қазақстан қор биржасында» (KASE) акциялармен сауда-саттық көлемі қыркүйекте, оның алдындағы айға қарағанда, 72%-ға өсіп, 3,7 млрд теңге болды. Алайда, ағымдағы жылдың үш тоқсаны ішінде іскер қағаздардың сауда-саттық көлемі 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 63,7%-ға төмендеп, 56,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлады «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасының сайты.
None
None

Биржа жариялаған статистикаға сәйкес, қаңтар-қыркүйек айлары аралығында сауда-саттықтың барлық секторларында 11,2%-дық өсім тіркелді, оның мөлшері - 21,956 трлн теңге болды. Сауда-саттықтың ең үлкен үлесі, яғни 56,4% шетелдік валюталарға тиесілі. Сегмент 52%-ға немесе 12,386 трлн теңгеге дейін артты.

Мемлекеттік бағалы қағаздар сауда-саттығының көлемі - 16,7%-ға немесе 706,1 млрд теңгеге дейін қысқарды, ал корпоративтік облигациялар бойынша, керісінше, 22,1%-ға немесе 278,1 млрд теңгеге дейін өсті, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар