Қазақстанның ақпараттық технология нарығы Майкрософтың жаңа өнімдерімен толықты

АЛМАТЫ. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Майкрософт компаниясы нарыққа өнімдерін шығарды. 

Қазақстанның ақпараттық технология нарығы  Майкрософтың   жаңа өнімдерімен толықты

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Тиімділік өзара әрекеттесуде» деп аталатын конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның ақпараттық технология нарығындағы жаңа өнімдер - дербес компьютерге арналған    Windows® 7 операциялық жүйесінің жаңа нұсқасы. Хабарламалар алмасу мен бірлескен жұмысты ұйымдастыруға арналған Exchange Server 2010 шешімі. Сондай-ақ серверлік операциялық жүйенің  Windows Server 2008 R2 нұсқасы.

 «Жаңа өнімдердің пайда болуы  ақпараттық  технологиялар мамандарының күннен күнге ұлғайып отыратын қажеттіліктерімен алғышарттанады. Компьютерді пайдаланушылардың сауаттылығы артқан сайын, оларға қойылатын  талаптар да ұлғаяды. Қазіргі заман адамы тек кеңседе ғана емес,  кез-келген жерде  жұмыс істеу мүмкіндіктерін қажет етеді. Соған сәйкес қажеттіліктер артқан сайын АТ-қызметтерінің де міндеттері күрделене түседі. Бүгінгі күні олардың алдында компьютерді пайдаланушыларға барынша үлкен мүмкіндіктер ұсынудан бөлек  шығындарды азайтып, қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету міндеті қала береді. Бұл жаңа өнімдер АТ-ұйымдарына аталған  міндеттерді барынша игеруге және соның  нәтижесінде оларды бәсекеге қабілетті етіп, дамудың жаңа кезеңдеріне аяқ басуға көмектеседі»,  дейді Майкрософтың  Орталық және Шығыс Еуропа аймағы бойынша басқарушы директоры Яка Стеле.