Қазақстанның ақылы жолдары қанша қаржы табады

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас учаскелерінде ақылы жол жүйесін құру жұмыстары басталған. Оның жоспарланған жылдық түсімі 4 млрд теңгені құрайтын болады.
«2020 жылға қарай ақылы жолдан түсетін жинтық түсім 30 млрд теңгеге жетеді», - деді Мереке Пішембаев.
Комитет басшысының дерегінше, биыл Қарағандыны айналып өтетін жолды қосқанда Орталық-Оңтүстік жобасының Теміртау-Қарағанды учаскесінде құрылыс жалғасуда. Сонымен қатар Орталық-Шығыс жобасы бойынша Астана-Павлодар-Семей-Қалбатау және Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл, Орал-Каменка учаскелеріндегі жалпы ұзындығы 1,2 мың шақырым болатын учаскеде жұмыстар жүргізілуде.
Бұған қоса, бюджет қаражаты есебінен ұзындығы 511 шақырым болатын Бейнеу-Ақжігіт, Щучье-Зеренді, Таскескен-Бақты, Үшарал-Достық, Қостанай-Денисовка сияқты 6 жобаны іске асыру қолға алынған.
«2018-2019 жылдары республикалық маңызы бар 6,2 шақырым автожолдарды орташа жөндеуден өткізу үшін 4,4 мың шақырымды қайта жаңғырту және 800 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - деді ол
Оның айтуынша, 2018 жылы Орталық-Шығыс дәлізінің Астана-Павлодар, Теміртау-Қарағанды учаскелерін, Саратовқа шығатын Орал-Каменка автожолын және Таскескен-бақты учаскесін аяқтау жоспарланған.