Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысында 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда өңірдің басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталуда.
Батыс Қазақстан облысында 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін өте күшті ыстық болады. Өрт қаупі бар.
Алматыда 15-16 тамызда нөсер жаңбыр жауады, 14-16 тамызда найзағай жарқылдайды.
15 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градус ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м / с жетеді. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді.