21:52, 16 Қараша 2022 | GMT +5
Қазақстанның алты облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қарашада еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында 17 қарашада көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні - 18 м/с.
17 қарашада Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында - 15-20 м/с, кей уақытта екпіні - 23-28 м/с.17 қарашада Абай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
17 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
17 қарашада Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстын жел соғады, түнде тау асуларында күші15-20 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 17 қарашада түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі. Түркістан қаласында 17 қарашада түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.
17 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтау қаласында 17 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.