Қазақстанның алты облысындағы үй-жайлардың 40-50 пайызында ешбір мал жоқ - Ә.Даринов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның алты облысындағы үй-жайлардың 40-50 пайызында ешбір мал жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жиында Қазақстан фермерлер одағының басшысы Әуезхан Даринов мәлім етті.

Қазақстанның алты облысындағы үй-жайлардың 40-50 пайызында ешбір мал жоқ - Ә.Даринов

«Біз талдау өткізіп, таңқаларлық қорытындыға келдік: Қазақстанның алты облысындағы үй-жайлардың 40-50 пайызында ешбір мал жоқ! Осы фактінің өзі шенеуніктердің көзқарасын өзгертуі тиіс. Еліміздің ауыл шаруашылығы саласының әлеуметтік-аграрлық саясатын қысқа мерзімде әрі түпкілікті қайта қарау керек», - деді Ә.Даринов.

Сонымен қатар, ол ауыл тұрғындарының қалаға ағылуына алаңдаушылық танытып, бұл үдерістің қала инфрақұрылымына, яғни бюджетіне ауыртпалық түсіретіндігін, ал ауылдардағы кадр мәселесін күрделендіретіндігін баса айтты.

«Проблеманың түп төркіні ауылдағы өмір сүру деңгейінің төмендігінде, табыстың аздығында болып отыр», - деді ол.