Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайжы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында боран болады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетті. Ауа температурасы 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады.

Ақтөбе облысыныңорталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с-ке жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы бірден 20-25, солтүстігінде 30 градусқа дейін төмендейді.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Ақтау қаласында түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарына тұман түседі. Таулы аймақта оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаламында түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар