Қазақстанның алтын валюта қоры 100 млрд. долларға жетіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада Қазақстанның алтын валюталық қоры 100 млрд. долларға жетеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Қазақстанның алтын валюта қоры 100 млрд. долларға жетіп қалды

«Таяу уақытта Ұлттық банк пен Ұлттық қордың жиынтық қоры 100 млрд. долларға дейін өседі деп болжап отырмыз»,-деп атап өтті ҰБ басшысы.

«Биылғы қаңтар-наурызда Ұлттық банктің алтын валюта қоры 7,5 пайызға артып, бүгінде 26,5 млрд. долларды құрап отыр. 2013 жылы Ұлттық банктің алтын валюта активтерінің көлемі 12,7 пайызға дейін, яғни 24,7 млрд. долларға төмендеді. Бұған теңге бағамын қолдауға валютаны шығындау себеп болды»,- деді Қ. Келімбетов.

Өткен жылы Ұлттық қордың активтері шетелдік валютада 20 пайыздан астам көрсеткішке артып, 70,5 миллиард долларға дейін жетті. 2014 жылдың қаңтар-наурызында тағы үш пайызға өсім болып, 72,8 миллиард долларға дейін артты.