Қазақстанның алтын-валюта қоры 85,5 млрд. АҚШ долларына жетті

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның алтын-валюта қоры 85,5 млрд. АҚШ долларына жетіп, жыл басынан 12,5 млрд. долларға артты.
None
None

Бұл туралы бүгін еліміздің ағымдағы жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан жыл басынан бері ел экономикасында өң өсім сақталды», - деді.

Сонымен қатар министрдің атап өтуіне қарағанда, республикадағы әлеуметтік салада да жайлы ахуал қалыптасып отыр. 9 айдың ішінде халықтың шынайы табысы 9,1, ал шынайы жалақылары 11,1 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар