Қазақстанның алтын-валюта қоры 98 млрд. долларды құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 1 шілдеде 28,89 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.
"Маусым айындағы соңғы деректер бойынша Ұлттық Банктің алтын-валюта қоры 28, 891 млрд.АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың активтері 69,028 млрд. АҚШ долларын құрады. Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан қаржы бөлінгендігі себепті, резервтер 1,3% кеміген еді.
Жалпы, халықаралық резервтер 97,919 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал оның ішінде таза халықаралық резервтер бұған дейінгі есеппен салыстырғанда 0,5% артып, 28,104 млрд.АҚШ долларын құрады, ал алтын активтері 7,769 млрд.АҚШ долларына жетті", - деп атап өтті ол. Оның айтуынша, маусым айында ішкі валюта нарығындағы жағдай бойынша сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болды.