Қазақстанның антидопингтік зертханасы 200 млн. теңгеге жаңа жабдық сатып алуды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның антидопингтік зертханасы спортшылардың бойынан тыйым салынған препараттарды анықтау мақсатында 200 млн. теңгеге жаңа жабдық сатып алуды жоспарлауда.

Қазақстанның антидопингтік зертханасы 200 млн. теңгеге жаңа жабдық сатып алуды жоспарлауда

Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Елсияр Қанағатов мәлім етті.

«Қазақстандағы допинг-зертхана Ресейдегі зертхана уақытша жабылғаннан кейін ТМД елдерінде жалғыз ғана орталыққа айналды. Сондықтан аталмыш зертхананы жабдықтау мәселесі өте өзекті. Шетелдегі зертханалардың барлығы жаңартылған. Осы сауалды біз талқыладық, енді зертханаға қажетті жабдықтарды сатып алуға қаржы бөлу жөніндегі шешім қаралуда. Қаржылық тұсы шешілді. Енді жабдықты сатып алу және оны жеткізу мәселесімен айналысудамыз», - дейді Е.Қанағатов.