Қазақстанның әр өңірінде жұмыс топтарын құруды ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұровтың төрағалығымен облыстық әкімдіктерінің, Астана және Алматы қалаларының, және Жол полиция баскармасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан өңірінде жеке техникалық байқау орталықтарын ұйымдастыру мәселесі жөнінде селекторлық кеңес өтті.
Кеңес барысында техникалық байқау орталықтарының уақытылы ашылуына қатысты аталған мекеме өкілдері қабылданған ұйымдастырушылық шешiмдер және аймақтарда жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы ақпарат алмасты.
Қазіргі уақытта көлік және коммуникация министрлігі аймақтық органдарының ақпараты бойынша кәсіпкерлік субъектілер міндетті техникалық байқау жүргізуді ұйымдастыру жөнінде белсенді жұмыс атқарып келеді. Жабдықтау туралы және қызмет өңірі және т.б. мәселелер жөнiнде консультация алуда.
Бастапқы кезеңде республика бойынша әрбiр облыс орталықтарын және Астана, Алматы қалаларын қамтығанда 65 техникалық байқау орталықтары ұйымдастырылғандығы расталды.
Селекторлық кеңес қорытындысы бойынша Қазақстанның әр өңірінде көлiктік бақылау аймақтық органдарының, әкiмдiктердің, жол полициясы және кәсiпкерлердiң қатысуымен жұмыс топтарын құруды ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.
Аталған топ жеке техникалық байқау орталықтарын ұйымдастыру барысында кәсіпкерлердің туындаған мәселелерін жедел шешуге мүмкiндiк бередi.