Қазақстанның әрбір азаматы Елбасы ұсынған реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуы тиіс - М. Жұрынов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанның әрбір азаматы Елбасы ұсынған рефораларды жүзеге асыруға белсене атсалысуы тиіс. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында ҚР ҰҒА президенті, химия ғылымдарының докторы Мұрат Жұрынов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласына қатысты осындай пікір білдірді.
None
None

Ғалым өз сөзінде Елбасының көптеген көкейкесті мәселелерге дер кезінде жауап бергендігін айтты. Өйткені, бұл жыл бүкіл әлем үшін оңай болмайын деп тұр.

«Қазақстан қарыштап дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену міндеті тұр. Бұл үшін 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» қолға алынды. Оны дағдарыс кезінде қалай жүзеге асыру керектігі Елбасының мақаласында айқын көрсетілген. Мемлекет басшысы айтып өткеніндей, кез-келген реформа заңмен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан, Үкімет пен Парламент заңнамаларды өзгерту бойынша қыруар жұмыстар атқарды», - деді М. Жұрынов.

Ол сонымен қатар, қабылданған заңдарда әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне көп көңіл бөлінгендігін жеткізді.

«Қазақстанның әрбір азаматы Елбасы ұсынған рефораларды жүзеге асыруға және мықты, зайырлы мемлекетіміздің қалыптасып, нығаюына белсене атсалысуы тиіс. Бұл үшін біз елімізде бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты және өзара сыйластықты сақтай отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға күш салуымыз керек», - деді академик.

Соңғы жаңалықтар