17:44, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстанның арқасында бейбітшілік пен келісімге арналған жалғыз жаһандық іс-шара өтіп келеді - Иосиф Кобзон
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның арқасында бейбітшілік пен келісімге арналған жалғыз жаһандық іс-шара өтіп келеді. Бұл пікірді бүгін Бүкіләлемдік рухани келісім форумы Төралқасының отырысы аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында КСРО Халық әртісі Иосиф Кобзон білдірді.
«Ертең конференция барысында өз ойларымызды ортаға салатын боламыз. Менің ойымша, әрбір баяндамадан пайдалы кеңестер естиміз. Олар рухани мәдениет арқылы бейбітшілікті насихаттау жұмысында кәдеге жарайды деп сенемін. Менің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осындай мүмкіншілік жасағаны үшін алғысым шексіз», - деді ол.
Бұл ретте адамзат игілігі материалдық мүмкіншіліктермен байланысты еместігін баса айтқан КСРО Халық әртісі: «Барлық мәселе ұлттарды, халықтарды, елдерді бір-біріне жақындатуда», - деді.