14:35, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Қазақстанның аса бай табиғатын халықаралық телеарналардан қашан көре аламыз - мектеп оқушысы Елбасының атына жолдаған сұрақ
АНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тікелей желіде болатын сұхбатына азаматтардан сауалдарды қабылдауға арналған Байланыс орталығына 12 сынып оқушысынан, Қазақстанның әлемде теңдесі жоқ аса бай табиғатын халықаралық телеарналардан көруге мүмкіндік қашан туатындығы жөнінде сауал келіп түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Араб әлемін қызықтырып отырған, біздің елде ғана кездесетін қыран құстар, Іле Алатауындағы қар барысымыз, Наурызым қорығындағы қызғылт қоқиқаз, Шарын шатқалы және басқа да көптеген таңғаларлық ғажайыптарымызды "National Geographic", "Animal planets" халықаралық арналарынан, ал ұлттық өнеріміз бен өнер ұжымдарын "Mezzo" арнасынан әлем халқы қашан көре алады?», - деп жазған Президентке 12 сынып оқушысы Нүридин Нұрасыл.