Қазақстанның әскери медицинасы жаңа деңгейге шығып келеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштерінде әскери медицина саласы сапалы жаңа деңгейге шығуда.
None
None

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сала үшін жоғары білікті кадрларды дайындау, әскери-медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру және әскери қызметшілерді жоғары сапада емдеу соны растайды. «Күн сайын әскери госпитальдің ЛОР бөлімшесіне 35-40 адам келеді. Ол қазіргі кезде госпитальдің өзге бөлімшелерінде стационарлық емдеуде жатқан әскери қызметшілер. Біз тексеру, ауру-сырқаудың диагностикасын жүргіземіз. Егер көрсетілімдері болса, онда сырқаттанушы біздің бөлімшеде бірыңғай ем-дом ала алады. Бұл әскери қызметшіні емдеп жазып, оның жылдамырақ сауығып кетуі үшін жасалады», - дейді ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі ЛОР бөлімшесінің бастығы медициналық қызметінің полковнигі Бек Мүңкібаев.

Жыл сайын осы бөлімшеден шамамен 500 адамды емдеп шығарады. Әскери ЛОР дәрігерлер мұрын қалқасының қисаюын түзету, ісікті, полиптерді жою бойынша отаны жиі жасайды. Бұл сырқаулар әскери қызметшілерде жиі болып тұрады, бұл әскери қызметтің ерекшелігі болып келеді. Ауру-сырқаудың себептері оқу-жаттығулармен байланысты жарақат болуы мүмкін. ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталіне емделуге әскери қызметшілер Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді. Полковник Дмитрий Тараканов Ақтөбеден мұрынмен тыныс алуы қиындатылған шағымымен келген.

«Мен Астанадағы гсопитальге келдім, себебі, Ақтөбе госпиталінде осы операция жүргізілмейді. Погон таққан, әскери дәрігерлерге, әскери мамандарға көбірек сенім білдіремін. Қазір ота алдындағы тексеруден өтіп жүрмін, талдау тапсырып, отаға дайындалудамын». Одан басқа, әскери дәрігерлердің айтуынша, қазақстандық армия әскери қызметшілерінің денсаулықтарының өзгеру серпіні анағұрлым жақсы жағына өзгеріп келеді. «Соңғы 6-7 жыл ішінде асқазан-ішек жолдары бойынша әскери қызметшілердің денсаулығы біршама жақсарды. Әскери қызметшілердің диспансерге жатуы жақсы жүріп жатыр. 2008-2009 жылдары бізде бір күнде асқазан безі, 12 қос ішектің безі сияқты 2-3 осындай диагноз болатын. Бүгінгі күні әскери қызметшілер мұндай безге аптасына 2-3 рет шалдығады. Алайда, жұмысымыз азаяр емес, үшқыштарымыз диспансерлеуден, тереңдетілген медициналық тексеруден, әскери ұшу комиссиясынан өтеді», - дейді ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі эндоскопия бөлімшесінің бастығы медициналық қызметінің подполковнигі Дәуренбек Байжұманов.

Әскери дәрігерлер заманауи медицинамен бірге қадам басып келеді, госпитальдің операция жасау блогында тұрақты негізде ең жоғары стандарттарға сай келетін медициналық жабдықты қолдана отырып, операциялар өткізіледі, ал заманауи аппаратура әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету сапасын әрі қарай арттыруға ықпал етеді. «Озық хирургиялық технологиялар, оның ішінде хирургиялық операцияларды жасаудың шағын жараға әкелетін әдістемелері дәстүрлі қол сұғушылықты ауыстырып және көптеген стереотиптерді бұза отырып, әскери медицинада қарқынды дамитынына титтей де шүбә келтірмейміз», - деді госпиталь бастығының (ғылыми-хирургиялық жұмыс жөніндегі) орынбасары - ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталінің жетекші хирургі медициналық қызметінің подполковнигі Ержан Сымайыл.

Соңғы жаңалықтар