Қазақстанның әскери-теңіз күштеріне 23 жыл толды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1993 жылы 2 сәуірде Ел Президенті Н. Назарбаев «ҚР ҚК Әскери-теңіз күшін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Содан бері көп нәрсе өзгерді: қазақстандық флотта отандық өндірістегі жаңа зымыран-артиллериялық кеме пайда болды. ӘТК-д әскери қызметшілер саны ұлғайды, оларды оқыту, жауынгерлік дайындау сапасы артты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«ӘТК алғашқы қалыпасуы 1993-1996 жылдар болды. Кейіннен ӘТК барлық бөлімдерін ҰҚК шекара қызметінің жүйесіне беру туралы шешім қабылданды. ӘТК ауқымында міндеттерді орындау үшін жағалау қызметі жеткілікті саналды. Уақыт өте келе 2003 жылғы 7 мамырда ӘТК ҚР Қарулы Күштері түрінің мәртебесін алу  туралы шешім шығарылды. Сондықтан да үнемі айтып жүремін, ӘТК-нің екі туған күні бар: 1993 жылғы 2 сәуір және 2003 жылғы 7 мамыр деп», - деді ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Қызметтің жоғары көрсеткіштерінің бірі 2014 және 2015 жылы ӘТК ҚР ҚК түрлерінің арасында бірінші орынды иеленіп, жауынгерлік дайындық деңгейіне көтерілді.

Егер алғашқы жылдары Қазақстанның әскери теңізшілері теңізде жылына 10-20 тәулік жүрсе, қазір 150-160 тәулік жүреді. Маман дайындау деңгейі жоғарылады, мамандарды РФ, Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Кореяға оқуға жібереміз. Қазақстанда Ақтау және Орал қалаларындағы университеттерде әскери кафедралар және ӘТК оқу орталығы бар. Онда келісімшарт қызметінің әскери қызметшілері дайындықтан өтеді.

Қазіргі уақытта ӘТК жарағында заманауи зымыран-артиллериялық кемелер, шағын күзет кемесі және катер бар. Келешекте жаңа «Алатау» мина-тралдық кемесін алуды жоспарлаудамыз, оны пайдалануға енгізу қазақстандық әскери теңіз күшінің қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін болады.
Военно-морским силам Военно-морским силам Военно-морским силам Военно-морским силам Военно-морским силам Военно-морским силам Военно-морским силам Военно-морским силам Военно-морским силам  

Соңғы жаңалықтар
telegram