Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында қысқы емтихан сессиясы аяқталды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында қысқы емтихан сессиясы аяқталды. Қаңтар және ақпан айларында қорғаныс ұлттық университетінің тыңдаушылары, төрт әскери институттардың курсанттары, кадет корпусының оқушылары мен «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері өткен семестрде алған білімдері бойынша сынақ тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Болашақ әскери мамандардың азаматтық оқу орындарындағы студенттік сессиядан басты айырмашылығы сол, әскери жоғары оқу орындарында білім алушылардың тәжірибе жүзіндегі біліктілігіне баға қойылады. Емтихан тапсыру кезінде, тыңдаушылар мен курсанттар практикалық тапсырмаларды шешу барысында өздері оқып-үйренген теориялық білімді іс жүзінде дұрыс пайдалана алуына мән беріледі. Сондай-ақ олардың командирлік сапалары, қару және әскери техникалармен жұмыс жасай білуі де тексеріледі. Курсанттар бөлімше командирі ретінде қару түрлері, нысанаға атуды орындау, әскери құжаттарды толтыру, картамен жұмыс істеу секілді міндеттерді өз беттерінше орындайды. Әскери оқытудың басты талабының бірі: ұрыс кезіндегі ең қажетті саналатын тәсілдерге үйрету.Әскери білім және ғылым департаментінің бағалауы бойынша, өткен жылдың қысқы сессиясымен салыстырғанда биылғы жылы орташа баллдың өскендігі байқалады. Бұл білім беру сапасының арта түскендігін дәлелдейді және жоғары оқу орындарын дамытудың мемлекеттік міндеттері ауқымындағы стратегиялық мақсат болып табылады. Әскери білім ордасын аяқтағалы отырған 700-ден астам курсант пен тыңдаушы үшін, биылғы қысқы сессия соңғы сынақ саналады.
Соңғы жаңалықтар