Қазақстанның Астана процесін өткізудегі күш-жігерін жоғары бағалаймыз - Иордания Королі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания Қазақстанның Астана процесін өткізудегі күш-жігерін жоғары бағалайды. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Корольдігінің Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Терроризм мен экстремизм мәселесі өте маңызды. Біз террористік топтар жаһандық қауіпсіздікке жаңа қатерлер төндірмегендігін қалаймыз. Сондықтан Сириядағы тұрақтылықты қамтамасыз ету барынша маңызды саналады. Сіз сириялық қақтығысты деэскалациялау бойынша барлық күш-жігерді қолдайсыз және Женева келіссөздерін табысты өткізу үшін жақсы платформа ұсынып отырсыз. Біз Қазақстанның Астана процесін өткізудегі күш-жігерін жоғары бағалаймыз», - деді Иордания Королі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Иорданияның Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуда маңызды рөл атқарып келе жатқанын баса айтты. 

«Иордания халықаралық қоғамдастықта жоғары беделге ие болып, лайықты құрметке бөленді. Сол арқылы Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуда маңызды рөл атқарып келе жатқанын білеміз. Бүгінгі Сирияда болып жатқан жағдай, лаңкестік әрекеттер, босқындар - барлығы да сол елдегі келіспеушіліктен, қақтығыстан туындауда. Осының әсерінен бүгінде Иордания 1,3 миллионнан астам сириялық босқынды қабылдап, Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт процеске айрықша үлес қосқанын атап өтуге болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram