Қазақстанның Астрахандағы консулы ресми қызметіне кірісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Шекқалиев Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы консулы қызметін ресми түрде бастады. Бұл жайындағы ақпарат Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград, Орынбор, Саратов, Самара облыстарына қарасты консулдық қызметтерді де қоса қамтитын болады.
Шекқалиев Қанат Мағатұлы 1983 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2016 жылы Белостока (Польша) қаласындағы Халықаралық экономика Жоғары мектебінде магистр дәрежесін алған.
2005 жылдан ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінде, Көпжақты ынтымақтастық департаментінде жұмыс істеді. Әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде бас кеңесші, ҚР ҚМ Әкімшілік департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. І сыныптың бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.