Қазақстанның астықты өңірлерінде көктемгі егіс жұмыстары басталды - А. Мамытбеков

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Еліміздің астық егетін негізгі өңірлерінде жаппай көктемгі егістік жұмыстары басталды.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің айтуынша, сонымен қатар егіс жұмыстарына шығыс және батыс өңірлері де кірісіп отыр. Атап айтқанда, 15 мамырдағы жағдай бойынша астықты-масақты тұқымдастар 1 млн. 306 мың гектарға егілді. Бұл 10 пайызға жуық көрсеткішті қамтып отыр. Бұдан бөлек, жүгері егістіктері  63 пайызына, майлы дақылдар 1 млн. 825 мың гектар жоспарланған көлемінің 735 мың гектарына (40 пайызы), көкөніс және бақша дақылдары жоспарланған егістердің  65  пайызына егілді. Ал қант қызылшасы мен мақтаның сәйкесінше, 85 және 87 пайыз аумақтағы егістіктеріндегі жұмыстары аяқталды.

А. Мамытбеков биылғы көктемнің ауа-райының ерекшеліктеріне байланысты егіс жұмыстары ерте басталғанын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар