Қазақстанның атынан Mister Global-2017 конкурсына алғаш рет Нұрсұлтан Телманов қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 жастағы Нұрсұлтан Телманов Таиландта өтетін «Mister Global 2017» халықаралық байқауына қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстанның атынан Mister Global-2017 конкурсына алғаш рет Нұрсұлтан Телманов қатысады

Жас жігіт ақпан айында «Мистер Семей-2017» және «Mister Global Kazakhstan-2017» титулын жеңіп алды.

Нұрсұлтан Телманов «Мистер Семей» конкурсына қатысқан кезде батылдық пен ер азаматқа тән басқа да қасиеттерді насихаттайтынын айтқан болатын.

«Мистер Қазақстан» ұлттық конкурсының Инстаграмдағы ресми парақшасында хабарланғандай, біздің еліміз 8-21 мамыр аралығында өтетін «Mister Global 2017» халықаралық конкурсына алғаш рет қатысады. 

Публикация от Нурсултан Тельманов (@nursiktelman) Апр 5 2017 в 6:48 PDT

Публикация от Нурсултан Тельманов (@nursiktelman) Апр 14 2017 в 12:32 PDT