Қазақстанның ауқымды бөлігі жауын-шашын туғызатын күшті циклон әсерінде болады - Қазгидромет

АНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның ауқымды бөлігі жауын-шашын туғызатын, негізінен қар, боран мен батыс бағытындағы қуатты желдің туындауына себепші күшті циклон әсерінде болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
None
None

Жамбыл облысының кей жерлерінде 17-22 м/с жылдамдықпен, күндіз 26-31м/с жылдамдықпен соғатын жел тұрады және тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында боран болып, кей жерлерде бұрқасындатып, 17-22 м/с жылдамдықпен соғатын, кей жерлерде 28 м/с дейін күшейетін жел тұрады. Қостанай облысында түнде қатты боран соғып, түнде және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын жел тұрып, кей жерлерде жел қуаты 25 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының ауқымды бөлігінде боран болып, 15-20 м/с (күндіз, түнде) жылдамдықпен соғатын жел тұрады. Алматы облысында - түнде тұман, жел жылдамдығы - 15-20 м/с, Жалаңашкөл аймағында - 20-25м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман сақталып, көктайғақ болады, жел жылдамдығы - 15-20 м/с, жел екпіні кей жерлерде 23 м/с дейін барады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде боран, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 17-22 м/с болады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында - күндіз боран, жел жылдамдығы 18-23 м/с.

Алдағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында су деңгейінің көтерілу ықтималдығы басым. Сырдария өзенінде (Қызылорда облысының оңтүстігінде) мұз қабатының біртіндеп жұқаруы күтілуде, су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Алматы облысы өзендерінің көбінде мұз қабатындағы құбылыстарға байланысты су деңгейінің ауытқуы мүмкін. Республиканың солтүстік аймағындағы өзендерде (Жайық, Есіл, Нұра, Ертіс) қысқы қалыпты жағдай сақталады.

Соңғы жаңалықтар