Қазақстанның аумағында 303 қылмыс жасалды, 8 адам қаза тапты - ҚР ІІМ

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат - Тамыздың 4-інде Қазақстанның аумағында 303 қылмыс жасалды, олардың тәулік ішінде 241-і ашылды, деп хабарлады ҚР ІІМ шұғыл басқару орталығы.

Қазақстанның аумағында 303 қылмыс жасалды, 8 адам қаза тапты - ҚР ІІМ

Барлығы 4 адам өлімі болған (олар ашылды), 2 қарақшылық шабуыл (ашылғаны - 1), 162 тонаушылық жасалды, сондай-ақ 16 есірткі қылмысы және т.б. ашылды.

33 өрт, 256 оқиға тіркелді, сонымен қатар, 38 жол-көлік оқиғасы болып, 8 адам қаза тапты, 51 адам жарақаттанды.

Астана қаласында «Қызылжар бекетінде сағат 23.40-та полиция қызметкерлері Lexus LX-470» автмашинасын ұстады, оның 23 жастағы жолаушысынан калибрі 7,62 миллиметрлік «ТТ» тапаншасы сегіз оғымен табылып, тәркіленді.