Қазақстанның аумағында жел күшейіп, кей жерлерде қарлы бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде - 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің болжамынша, ертең Қазақстанның басым бөлігі фронтальді ағымдардың ықпалында болады,
соған байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде қар жауып, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жарма ауданында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 17-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, тұман түсіп, көктайғақ болады, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қарлы бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған борасын болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.
Ақтөбе, Қостанай облысында кей жерлерде қарлы бұрқасын болып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.