Қазақстанның ауыл шаруашылығы сапалы даму жоспарына мұқтаж - А.Евниев

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Интеграциялық үрдістер жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы қуатты қолдау мен болашаққа сапалы даму жоспарына мұқтаж,
None
None

деп атап өтті Үкімет отырысында қабылданған «Агробизнес-2020» бағдарламасына пікір білдірген АӨК Қазақстандық іскерлік кеңесінің төрағасы Арман Евниев. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығынан мәлім етті.

«Ел экономикасы толығымен қамтылған интеграциялық үрдіс жағдайында отанымыздың ауыл шаруашылығы, сөз жоқ қуатты қолдау мен болашаққа сапалы даму жоспарына мұқтажболады», - деп атап өтті Арман Евниев.

АӨК Қазақстандық іскерлік кеңесінің төрағасы бүгін Үкімет отырысында бағдарламаны бекіткеннен кейін, Премьер-Министр бір ай ішінде АӨК әр саласын нақты дамытудың мастер- жоспарын әзірлеуді тапсырғанын айтты.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы қатарынан Бағдарламаның әр индикаторының деңгейі, мерзімі мен сапасы үшін жауап беретін нақты адамдар белгіленетін болады. Жалпы, менің ойымша, сауатты жоспар бар, енді соны сапалы жүзеге асыру қажет», - деді Арман Евниев.

Оның пікірінше, әр өңір «Агробизнес - 2020» бағдарламасын егжей-тегжейлі оқып-үйреніп, оны өздерінің нақты өңірлеріне бейімдеп қолдануы (экстраполирация) керек.

«Бұл істе алдыңғы қатарлы жобалық менеджмент пен жоспарлау құралдарына ие АӨК Қазақстандық іскерлік кеңесі өз тарапынан барлық облыстарға көмектесуге әзір. Біз жергілікті атқару органдарына, «Агробизнес - 2020» бағдарламасын Қазақстанның барлық өңірлерінде жүзеге асыратын компанияларға қуана көмек береміз, - деп қорытындылады ол.

Соңғы жаңалықтар