17:55, 04 Мамыр 2017 | GMT +5
Қазақстанның әйелдер құрамасы индорхоккейден Әлем чемпионатына қатысатын болды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Катар елінде индорхоккейден өткен Азия кубогында жерлестеріміз алтын жүлдені иеленіп, келесі жылы Германияда болатын Әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Қазақстан құрама команда сапында Қызылорда облысынан Әйгерім Маханова, Алиса Чепкасова, Қарлығаш Болғанбаева және Гузал Бахабаддиндер өнер көрсетті.
«Былтырғы жылы жерлестеріміз Алматы облысында өткен Азия кубогында 2-орынды иеленген болатын. Сондай-ақ, Қызылорда облысының әйелдер мен ерлер командасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді», - делінген баспасөз баянында.
Айта кетерлігі биылғы жылдың маусым айында Тараз қаласында индорхоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өтеді. Қызылордалық хоккейшілер осы додаға дайындық үстінде.