«Қазақстанның әйелдер ұйымы альянсы» атты республикалық қоғамдық ұйым құрылды
Ол жөнінде бүгін, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева ұйымның құрылуына орай өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәслихатта Ұйымның мүшелері өмірдің барлық саласында әйелдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату мәселесі өзгеріссіз екенін атап өтіп, қатып қалған қағидаларды өзгертуіміз керек деді. Олардың айтуынша, егер әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары бірлесе жұмыс істесе, бірдей бағытты ұстанса, әйелдердің өздерінен қолдау болса, алға қойған мақсаттарға жетеді және барлық мәселелер де шешіледі.
«Қазақстанның әйелдер ұйымы альянсы» ұйымын құру идеясы биыл тамыздың 25-де Астанада өткен Қазақстанның әйелдер ұйымы Форумында дүниеге келді. Ұйымның мақсаты - қазақстандық қоғамда әйелдердің рөлін көтеру, әйел қауымының бастамаларын қолдау, саяси әлеуетін арттыру, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде олардың саяси белсенділіктерін арттыру, сонымен қатар әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарын біріктіру болып табылады», дейді Республикалық әйелдер кеңесінің президенті Нина Каюпова.
Альянс құрамына әйелдерге қатысты он сегізден аса ұйымдар мен қауымдастықтар, клубтар мен федерациялар және тағы да басқа одақтар мен кеңестер кірген.