Қазақстанның азаматтық заңы ағылшындық құқық қағидаттары негізінде жетілдірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Әділет министрлігі Заңнама институтымен бірлесіп «Ағылшын және еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Айта кетерлігі, конференцияның мақсаты ағылшын және еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде Қазақстан Республикасының жеке құқығын жетілдіру тұжырымдамасының қайта пысықталған жобасының ережелерін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ағылшын және еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде шарттық міндеттемелерді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының шарттық міндеттемелерді жетілдіру бөлігіндегі жекелеген ережелерін талқылау болып саналады.

«Жоба тұжырымдамасы сарапшылардың ұсыныстары  ескеріле отырып бірнеше мәрте пысықталды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде тұжырымдама атауы нақтыланды. Ендігі уақытта ол ағылшын құқығының қағидаттарымен үлесімді бірігуінің маңыздылығын, құрлықтық құқықтық дәстүрлі зерделенулерін паш етеді. Бұл жұмыстар біздің құқықтық жүйемізге барынша әлемнің дамыған елдерінің арасында бәсекелеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Жұмыс қорытындысында ұлттық заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі», - деді халықаралық шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Әділет министрінің орынбасары Нұрлан Ешмағамбетов.

Конференция барысында ҚР азаматтық заңнамасындағы делдалдық, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында адалдық және шарт бостандығы қағидаттарын іске асыру, Тәжікстан Республикасы заңнамасындағы шарт бостандығы және азаматтық-құқықтық нормалар императивтілігінің шектері, Қазақстан Республикасының заңнамасына кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін жаңа институттарды енгізу және басқа да  тақырыптардағы негізгі баяндамалар тыңдалып, жан-жақты  талқылануда.

Соңғы жаңалықтар