Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігі жанындағы сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

У. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Бакуде, Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігінде жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де №140 сайлау учаскесі ашылды.

Қазақстанның  Әзірбайжандағы  елшілігі жанындағы сайлау учаскесінде дауыс  беру басталды

Әзірбайжанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары өздерінің сайлау құқықтарын осы жерде жүзеге асырады.

Заңнамаға сәйкес, сайлау үдерісі сағат 20.00-ға дейін жалғасады.