Қазақстанның «Азия жолбарысына» айналуы ТМД елдері үшін инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады - Ялтадағы Халықаралық форум

ЯЛТА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Азия жолбарыстары» жаңа позициясына шығуы посткеңестік кеңістік елдері үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер береді.
None
None

Бұл туралы «Дағдарыстан кейінгі әлем қоры» Ресей зерттеу институтының директоры Екатерина Шипова Ялтада өткен IV Халықаралық инвестициялық форум барысында айтты.

«Сарапшылардың атап өтуінше, 2050 жылға қарай Азия барынша қарқынды дамушы өңір болып қала береді. Мұнда өсімнің анағұрлым жоғары қарқыны болады. Бұл жаңа «Азия жолбарыстары» пайда болатынын білдіреді, көптеген елдер серпінділік үшін мүмкіндіктер алады. Түркия, Индонезия, Вьетнам, Иран және Қазақстан мемлекеттері осындай елдер болмақ», - деді ол.

«Посткеңестік елдер арасында тек Қазақстан ғана көшбасшылар тізіміне енді. Мұнда тиімді мемлекеттік басқару, қарқынды даму үстіндегі өнеркәсіптік және банк секторлары атап өтіледі», - деді Е.Шипова.

Соңғы жаңалықтар