Қазақстанның банк карточкасы нарығының болашағы зор -

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның банк карточкасы нарығы әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр.

Қазақстанның банк карточкасы нарығының болашағы зор -

Оны ВИЗА(VISA) компаниясының ТМД елдері бойынша аймақтық менеджері Александр Калита бүгін олардың тапсырысы бойынша "Вlack Вoх" компаниясы жүргізген зерттеу жұмысының қорытындысын жариялаған кезде айтты.

Оған жылдық айналымы кемінде 8 миллион теңгені құрайтын 150 шағын және орта бизнес кәсіпорындары тартылған. Бұл зерттеу жұмысы ағымдағы жылдың 11 ақпаны мен 12 наурызы аралғында жүргізіліп, оған бас кеңселері Астана, Алматы (33 пайыздан), Қарағанды, Шымкент (17 пайыздан) қалаларында орналасқан компаниялар қатыстырылды. Олардың қызмет салаларын - құрылыс пен мүлік, тұтыну тауарлары мен сауда (35 пайыздан), персональды қызмет (12 пайыз), құрал-жабдықтар (9 пайыз) және кәсіби қызметтер (8 пайыз) құрады.

Александр Калитаның айтуынша, шағын және орта бизнесте қолданылатын негізгі банк қызметтері мынау: есепшоттарға төлеу - 79 пайыз, депозиттер/кассалық операциялар - 49 пайыз, ақша аударымдары - 48 пайыз. Оған компаниялардың үштен бірі ғана банк кредиттерін қолданады. Зерттеуге қатысқан кәсіпорындардың 9 пайызы корпоративтік картаға (Виза бизнес) ие. Оны олардың 2 пайызы ғана қолданады. 3 пайызы бизнес-шығындарды төлеуге жеке карталарын пайдаланады. Жалпы сауалнамаға қатысқандардың 65 пайызы корпоративтік карта туралы естіген.