Қазақстанның барлық аумағында дерлік ашық күн райы сақталады - 4 ақпан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аумағы дерлік әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, жекелеген аудандарда тұман түсуі байқалып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РММ.
Республиканың батысында ғана фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, бұрқасындатады, көктайғақ болады, тұман түседі,
Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі. Атырау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, күндіз көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын байқалады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел 18 м/с-қа дейін күшейеді.