Қазақстанның барлық аумағында жел күшейеді, кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады - Қазгидромет

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 27 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, жел күшейеді, жекелеген аудандарда найзағай жарқылдайды деп күтілуде.

Қазақстанның барлық аумағында жел күшейеді, кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады - Қазгидромет

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз жел екпіні 23 м/с-қа дейін болады. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа күшейеді, Қызылорда облысында шаң көтерліп, дауыл тұрады. Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы қадағаланады.