Қазақстанның барлық аймақтарында кей жерлерінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.- 6 ақпандағы ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі сақталады. Кей жерлерде тұманды, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі, жел күшейеді, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұманды, көктайғақ болады, түнде басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл аймағында жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұманды, көктайғақ болады, желдің күші 15-23 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болып, түнде басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасынды, көктайғақ болып, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30, күндіз кей жерлерінде 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.