Қазақстанның барлық аймақтарында радиологиялық мониторингі жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Ұлттық сараптама орталығы» республиканың барлық аймақтарында қоршаған ортадағы гамма-фонның жағдайына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2019 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша, қоршаған ортадағы радиациялық фон тұрақты. Табиғи гамма фонның артуы, сондай-ақ атмосфералық ауа мен жауын-шашын сынамаларында радиоактивті ластану тіркелмеген. Гамма-сәулелену дозасының қуат деңгейі сағатына 0,05-0,19 микрозиверт (мкЗв/сағ) шегінде. Иондаушы сәулелену нормасы - 0,30 мкЗв/сағ.

Атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивті ластануына мониторинг жиынтық бета-белсенділікті анықтауға ауа сынамаларын іріктеу, тұнбаларды және сүзгілерге шөгетін шаңды жинау, сондай-ақ гамма-сәулесінің экспозициялық дозасының қуатын өлшеу арқылы жүргізіледі.

Аталмыш мониторинг Ұлттық сараптама орталығының маңызы бар қалаларында, 14 облыстық, 25 қалалық, 157 аудандық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар