Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады - 19 наурызға ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады - 19 наурызға ауа райы болжамы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу борасын күтіледі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Қарағанды облыстарында жел күші 15-20 м/с, Қостанай облысында ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу борасын жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, түнде жаяу борасын соғып, жел күшейе түеді.

Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, таңертен және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, жекелеген аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу борасын жүреді, жел 15-20, күндіз ұйтқуы 23 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысында желдың екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейіп, жекелеген аудандарында бұрқасындатады, көктайғақ болады.