Қазақстанның барлық елшіліктерін бір сайттан табуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі жаңартылған сайттың үлгісін іске қосты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның барлық елшіліктерін бір сайттан табуға болады

Ресми сайттың https://mfa.gov.kz/ru жаңа үлгісінде Қазақстан елшіліктерінің сайттарына бірден өтуге болады. Ол үшін интерактивті әлем картасындағы белгілі бір елдің суретіне басу қажет, бірден сол мемлекетте орналасқан елшіліктің сайты ашылады.

"Жаңа сайттың басты артықшылығы - интерфейс ыңғайлы әрі түсінікті. Дизайны шашыраңқы емес. Сосын сайттың жылдамдығы жақсы. Ақпараттық қауіпсіздігі де жоғары болып отыр. Енді министрліктің ресми сайты мен Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық мекемелерінің сайттары бір платформада жұмыс істейтін болады", - дейді Сыртқы істер ведомствосының мамандары.

Айта кеткен жөн, жаңартылған сайтты толтыру, сондай-ақ теxникалық олқылықтарды жою жұмыстары жалғасуда.