Қазақстанның барлық облыстарында дағдарыс орталықтары ашылады - В. Божко

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық облыстарында төтенше жағдайлар бойынша дағдарыс орталықтары ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен төтенше жағдайларды ғарыштан бақылау және болжау бойынша бірлескен жүйені құру жөніндегі Қазақстан - Ресей жұмыс тобының кезекті отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Қазақстанның барлық облыстарында дағдарыс орталықтары ашылады - В. Божко

«Алдағы уақытта біз республиканың әрбір облысында дағдарыс орталықтарын ашатын боламыз. Осы мәселе бойынша тиісті бағдарлама мен қажетті құжаттар рәсімделген. Келесі жылға ел бюджетінен қаржы да бөлінді», - дейді В. Божко.

Айта кетейік, төтенше жағдайлар бойынша дағдарыс орталықтары табиғи және техногендік сипаттағы апаттар туралы ақпаратты сараптап, тиісті органдардың шұғыл түрде әрекет етуін қамтамасыз етеді.