Қазақстанның барлық өңірінде тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғайғаны байқалады, деп жазады primeminister.kz.

Қазақстанның барлық өңірінде тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайған

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бұл көрсеткіш ең жоғары Астана қаласында - 2,3 млн м² (22 565 пәтер), Алматы қаласында - 1,7 млн м² (15 020 пәтер), Маңғыстау облысында - 978,8 мың м² (8 367 пәтер), Ақтөбе облысында - 707,1 мың м² (5 941 пәтер) және Алматы облысында 682,7 мың м² (4 824 пәтер) болды.

2017 жыл және 2018 жылғы 11 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 2044,8 млрд теңге инвестиция салынды (2017 жылы - 1022,5 млрд теңге, 2018 жылдың 11 айында - 1022,3 млрд теңге).

Осы кезең ішінде мемлекеттің жұмсалған 1 теңге қаражатына 5,5 теңге жеке инвестциялар тартылды (315,4 млрд теңге/1729,4 млрд теңге).