Қазақстанның барлық өңірлерінде соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетіліп жатыр - Ө.Озғанбай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық өңірлерінде соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет пен көмектер көрсетіліп жатыр. Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі барысында «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбай осылай мәлім етті.
None
None

«Қазіргі таңда біздің республикамызда өмір сүріп жатқан 5 мыңға жуық ардагер - Жеңіс солдаттары бар. Олардың орташа жасы 90-ның шамасында, басым бөлігі төсек тартып жатыр. Соғыс аяқталған сәтте олардың саны 700 мыңнан астам еді. Сонымен бірге қазақстандық 500 Кеңес Одағының Батырынан жалғыз Иван Косенков қана қалды, ол Алматы облысында тұрып жатыр. Бүгінгі бүкіл прогрессивті әлем, соның ішінде біздің еліміз де осынау мерейтойды лайықты деңгейде өткізуге дайындалуда», - деді Өмірзақ Озғанбай.

Сонымен қатар кеңес басшысы Елбасының атынан барлық ардагерлерге алғыс хаттары жолданғанын, бұл сол қарттардың көңіліне қуаныш ұялатқанын атап өтті.

Үкімет тарапынан да арнайы қаулы қабылданып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соған теңестірілген тұлғалар үшін елуден астам жеңілдіктер қарастырылған.

«Осындай іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанның барлық өңірлерінде соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет пен көмектер көрсетіліп жатыр», - деді Ө.Озғанбай.

Кездесу барысында Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық барысына қатысты мәселелер де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар