Қазақстанның бас бостандығынан айыру орындарында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген 86 азамат отыр

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанның бас бостандығынан айыру орындарында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген 86 азамат отыр.
None
None

Олардың 28-іне белгіленген өлім жазасы мараторий енгізілуіне байланысты кейінге қалдырылған. Бұл туралы бүгін «Орталық Азияда өлім жазасына шектеу қою мен оны қолданудан бас тартуға дейін: өтпелі кезеңнің ығыттары» атты тақырыпта өтіп жатқан аумақтық конференция барысында Әділет министрлігінің халықаралық құқық, мемлекеттік жеке меншік құқықтарын қорғау департаментінің директоры Эльвира Әзімова мәлім етті.

«Бүгінде елімізде өлім жазасы тек көптеген адамдардың өліміне алып келген террористік әрекеттер мен соғыс уақытында жасалған ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады. Оның өзінде өлім жазасы кесілген азаматқа рақымшылық жасау жөнінде өтініш білдіруге мүмкіндік жасалған. Қахақстан өлім жазасына қатысты халықаралық міндеттемелерді талапқа сай орындап отыр»,-деді министрлік өкілі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум