Қазақстанның Бас прокуроры Қаржы полициясының жұмысын сынға алды
АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР-дағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, есірткі заттарының заңсыз айналымының жағдайы,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тақырыбына қатысты құқық қорғау органдары басшыларымен өткізіп жатқан кеңесінде ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев еліміздің Қаржы полициясының жұмысын сынға алды.
Оның атап өтуінше, Қаржы полициясы қылмыстық іс қозғай отырып, бір шенеуніктің жүйелі түрде жемқорлыққа бой алдырғандығы туралы фактілерді береді. «Оған Астана қаласының фитосанитарлық бекетігінің 3 қызметкеріне бірнеше мәрте пара алғандары үшін 39 мәрте іс қозғауы айқын дәлел бола алады», - деді Бас прокурор.