Қазақстанның бас транспорттық прокуроры тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марат Әлиханов Қазақстанның бас транспорттық прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстанның бас транспорттық прокуроры тағайындалды

«28 желтоқсан күні ҚР Бас прокурорының бұйрығымен бас транспорттық прокурор қызметіне Әлиханов Марат Тілеуқабылұлы тағайындалды», - деп айтылады еліміздің жоғары қадағалау органы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұрын ол ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.